Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нұрлан Қаппаровтың хабарлауынша, елордада 2022 жылы 500 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркеліп, жүргізушілерге 4,6 млрд теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.
"2022 жылдың басынан бергі уақытта елорданың полиция департаменті 4 639 481 646 теңге сома кесілген 542 612 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Соның аясында 3 647 778 893 теңге өндірілді. Өндіріп алу көрсеткіші – 78,6%", – деп атап өтті Нұрлан Қаппаров.
Полиция департаментінің аға инспекторының мәліметінше, аталған құқық бұзу фактілерінің 422 339-ы "Сергек" камералары арқылы тіркелген. Ол фактілер негізінде 3 207 892 304 теңге айыппұл салынған.