Биылғы жол-құрылыс маусымында Алматы облысы бойынша 4 жоба қолға алынды. Олардың қатарында "Күрті-Бурылбайтал", "Күрті-Қапшағай", "Үшарал-Достық" және Шамалған станциясының айналма жолы бар деп жазады inbusiness.kz "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Күрті-Бурылбайтал" жобасы бойынша жыл соңына дейін 2152-2295 км аралығының (143 шақырым) құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Бұдан басқа, "Күрті-Қапшағай" (67 шақырым) жобасы бойынша бір бағытта қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, "Үшарал-Достық" (180 шақырым) тас жолында қозғалыс ашылады.
Қазір Шамалған станциясының айналма жолында (ұзындығы 6 км) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін бұл нысан пайдалануға берілмек.