Биыл "Шаңырақ" пилоттық бағдарламасы басталады

2036

Бұған 390 млрд теңге бөлінеді.  

Биыл "Шаңырақ" пилоттық бағдарламасы басталады

Халыққа есеп беру жиынында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов еліміздегі тұрғын үй құрылысы ТМД елдері арасында жоғары көрсеткішке ие екенін алға тартты.

"Былтыр 13,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Елдегі 116 мың отбасы баспанасын жақсартты. Әлсіз жағдайдағы 11 мың жанұя және Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін 3 мың жас азаматымыз әлеуметтік жалдамалы баспана алды. 10 мыңдай отбасы қол жетімді бағадағы әлеуметтік несиеге баспана алса, көпбалалы, толық емес, ерекше қамқорлыққа зәру баласы бар 5 мың жанұя "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы баспаналы болды. Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланды. Бұл шамамен 150 мыңдай баспана. 39 мың отбасы мемлекеттік қолдауға ие болады. Жыл басынан бері 3,1 млн шаршы метр, яғни 25 мыңдай баспана қолданысқа берілді", – деді министр.

Биыл "Шаңырақ" қанатқақты бағдарламасына 390 млрд теңге бөлінеді.

"Биылғы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен баспанаға кезекте тұрғандардың мәселесін шешу үшін "Шаңырақ" пилоттық бағдарламасын бастаймыз. Бұған 390 млрд теңге бөлінеді. Оның 180 миллиарды өңірлерде әлеуметтік несиелеу тұрғын үйлерін салуға арналады. Оның 210 млрд теңгесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 5-10-20 бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандарды қаржыландыруға жұмсалады", – деп атап айтты Бейбіт Атамқұлов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу