Биыл шаруаларға екі есе көп несие берілді

1017

Мемлекеттік бюджеттен ауыл шаруашылығы саласына бөлінген қаржы 28%-ға қысқарды. 

Биыл шаруаларға екі есе көп несие берілді

Биылғы жылдың қаңтар айында мемлекеттік бюджеттің ауыл, су, орман және балық шаруашылығына, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны қорғауға және жануарлар дүниесін дамытуға жұмсалған шығыстары 11,8 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 27,8%-ға аз, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ал былтырғы қаңтар-желтоқсанда сала бойынша мемлекеттік бюджет шығыстары 7,4%-ға өсіп, 717,9 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жалпы көлемінде агроөнеркәсіптік кешеннің үлесі 3,8%-4,6% аралығында ауытқиды.

Агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттің азық-түлік тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. 

Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері ауыл шаруашылығы саласына 37,1 млрд теңгеге несие берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп.

Жалпы 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында сектордағы несиелер көлемі 65,1%-ға өсіп, 279,3 млрд теңгені құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу