Қазақстан аумағында 17,1 млн га алаңға зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, оның 15,1 млн га зерттелді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Бүгінгі таңда Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы 15,1 млн га алқапта немесе жоспарланған алаңның 88,4% зерттеу жұмыстарын толық аяқталды. Нәтижесінде өңдеу жұмыстары 2,4 млн га алаңға немесе болжанған көлемнің 98,3% жүргізілді", - дедің спикер.
Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 427 арнайы бүріккіш техника, оның ішінде, 289 жерүсті бүріккіштер, 56 аэрозоль газ генераторлары, 36 жеңіл авиация кемелері, 36 ұшақ, 2 дрон және 8 аспалы бүріккіш тартылды.