Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында оңтүстік өңірдегі шегіртке шабуылы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Шегірткемен күрес жұмысы кешенді түрде іске асырылып жатыр, оған ел бойынша 4,5 мыңнан астам адам тартылып, 400-ден астам техника жұмылдырылды. Қазір барлық облыста шегірткемен күрес жұмысы қызу жүріп жатыр", - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.
Сала мамандарының болжамына сәйкес, биыл ел аумағында шегірткенің таралу алқабы 2,1 млн гектар жер деп отыр. Өткен жылға қарағанда 1 млн гектарға аз.
"Өткен жылмен салыстырғанда шегірткенің таралу аймағы азайып келе жатыр. Екіншіден берілген ақпаратта тиісті дәйек жоқ, яғни дұрыс статистика берілмеген", - дейді ол.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, шегірткелер кем дегенде 5 млн гектар жерді шарпиды деген ақпарат тараған, ал министрлік өкілі 2,1 млн гектар жерге ғана тарайды деп отыр.