Биыл шетелден жеткізілетін тауарлар 7 пайыз қымбаттаған

685

Ал экспортталатын тауарлар бағасы 19,2% көтерілген.

Биыл шетелден жеткізілетін тауарлар 7 пайыз қымбаттаған

Биылғы жылғы қаңтар-қазанда экспортталатын тауарларға баға  – 19,2%, импортталатындарға 7%-ға жоғарылады. Бұл туралы ҰЭМ-нің статистика комитеті хабарлады.

Жыл басынан бергі кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы мұнайға  –  30,3%, табиғи газға  – 23,4%, марганец кендеріне  – 21,8%, темір кендеріне  –  16,8%, ферроқорытпаларға  – 12,8%, мысқа  –  12,5%, көмірге  –  7,9%, алюминийге 6,7%-ға жоғарылады, мырышқа  – 15,3%, қорғасынға 11,7%-ға төмендеді. Бағаның бидайға  – 15,5%, арпаға – 14,9%, мақтаға 9,2%-ға жоғарылауы, олардың жүнге 5%-ға төмендеуі тіркелді.

Импортталатын өнімдерден жеміс және жаңғақтар - 58,9%, құс еті  –  27,3%, балық  –  14,2%, шай – 11,8%, маргарин – 8,2%, өсімдік майы – 3,7%, қант - 3%, фармацевтикалық өнімдер 2,7%-ға қымбаттады. Баға аяқкиімге – 28,3%, тоқыма бұйымдарына  – 14,2%, қағазға  – 13,9%, пластмассаға 12,9%-ға жоғарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу