Биыл шетелге экстрадициялау туралы 59 өтініш жолданған

558

33 өтінішке оң жауап келіп, азаматтардың қайтарылатыны белгілі болды.

Биыл шетелге экстрадициялау туралы 59 өтініш жолданған

Еліміздің бас прокуратурасы биыл Қазақстанның 59 азаматына қатысты экстрадициялау туралы өтініш жіберген, деп хабарлайды Atameken TV7

Өтініштің 37-сі Ресейге, 8-і Қырғызстанға жолданса, Өзбекстан, Германия, Грузия мен Украинаның әрқайсысына 3 өтініштен жіберілген.

Құқықтық статистика мен арнайы есеп комитетінің деректеріне сәйкес, 33 өтінішке оң жауап келіп, азаматтардың қайтарылатыны белгілі болды. Ал қалған 26 адам жайлы әзірге белгісіз.

Айта кетсек, бас прокуратураның БАӘ, Қытай, Корея, Қырғыстан, Моңғолия, Түркия, Литва, Иран және Испаниямен  экстрадиция туралы келісімі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу