Биыл шикі сүтті тұтыну айтарлықтай азайған

998

Бір жылда сүт бағасы 9,5% өскен.

Биыл шикі сүтті тұтыну айтарлықтай азайған

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта отандық компаниялар өңделген сүт пен кілегейге сұранысты 96,3% қамтамасыз еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Импорт үлесі – 3,7% немесе 11,9 мың тонна сүт, өткен жылмен салыстырғанда 5,7% артық. Сүт экспорты 14,3% немесе 18,7 мың тоннаға дейін өсті.

2021 жылғы 8 айдың (қаңтар-тамыз) қорытындысы бойынша сүт бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5% өсті, бұл соңғы 3 жылдағы ең жоғары өсім болып саналады.

Өскемен мен Қарағанды қалаларында сүт айтарлықтай қымбаттаған. Мәселен майлылығы 3,2%-4% пастерленген сүттің литрі – Өскеменде орта есеппен 382 тг, Қарағандыда – 357 теңге.

Елімізде майлылығы 2,5% пастерленген бір литр сүттің орташа бағасы – 254 теңге, майлылығы 3,2%-4% сүт – 302 теңге.

Биыл өткен жылдармен салыстырғанда шикі сүтті тұтыну айтарлықтай азайған. Мәселен 2021 жылғы бірінші тоқсанда еліміздегі үй шаруашылықтарында орта есеппен жан басына шаққанда 3,7 литр шикі сүт тұтынылған. Мысалы, өткен жыдғы бірінші тоқсанда тұтыну көлемі – 4 литр, 2019 жылы – 4,6 литр. 

Сонымен қатар ауылдарда сүтті тұтыну қалалармен салыстарғанда жоғары. Бірақ ауылдықтар екінші жыл қатарынан сүтті тұтынуды азайтқан. 2021 жылы бірінші тоқсанда ауылдарда жан басына шаққанда орта есеппен 6,3 литр шикі сүт, ал қалаларда – 1,8 литр шикі сүт тұтынылған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу