ШҚО-да "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 3 мыңнан астам пәтер салынады

905

ШҚО-да "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 3 мыңнан астам пәтер салынады

Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездескенде мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

"Шығыс Қазақстан облысында 380,0 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 638 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 1347 жеке үй). 2017 жылы барлық қаржы көздерінен Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысына 39,0 млрд теңге бағытталды", – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары аясында мемлекеттік қаржы көздерінен 19,7 млрд. теңге бөлінді (15,7 млрд. теңге жұмсалды, ал қалған қаржы биылғы өтпелі нысандарға бөлінеді). Мемлекеттік инвестициялар есебінен 101,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынды (1624 пәтер).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу