Биыл ШҚО-да 4 мыңға жуық жылжымайтын мүлік заңдастырылды

870

Биыл ШҚО-да 4 мыңға жуық жылжымайтын мүлік заңдастырылды

Шығыс Қазақстанда жалпы құны 14 миллиард теңгеден асатын 3955 жылжымайтын мүлік заңдастырылды. Талапқа сай емес 764 өтініш рәсімделген жоқ. Глубокое ауданы мен Өскемен қаласының тұрғындары Түркия, Болгария және Ресейдегі меншіктерін заңдастырды. Сондай-ақ еліміздің басқа аймақтарындағы мүліктерін де жария етуге өтініш бергендер бар. 15 млрд теңгеден астам қаржы жария етілген. Жылдың соңына дейін мүлік пен ақшаны жария ету бойынша тағы 1914 өтініш қарастырылады, деп жазады 24Хабар.

"Бізде облыс, қала аумағында жария етуге түскен өтініштер саны бойынша Глубокое, Зырян, Семей, Үржар аудандары алдыңғы қатарларда. Соның ішінде 283 коммерциялық нысан бар дедік. Олар Өскемен, Семей қалаларында орналасқан", – деді облыстық кірістер департаментінің бас маманы Әсем Тұрлыбекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу