Оған мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылармен қатар инвесторларды тарту да көзделіп отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Мәселен өткен жылы Еуропалық қайта құру және даму банкімен инфрақұрылым жобаларын бірлесе іске асыру үшін 50 млрд теңгенің 9 несиелік шарты жасалған, деп хабарлайды 24.kz. Тек "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 13 млрд теңгенің 28 жобасы аяқталды.
Шығыс Қазақстандағы бірқатар инженерлік-коммуникация желісі ескірген. Жыл соңына дейін олқылықтың орны толтырылып, түрлі бағдарламаның көмегімен 60 инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылады.
Жалпы Шығыс Қазақстанда "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы жемісті жүзеге асып жатыр. Бағдарлама аясында өңірде 3 мектеп пен 2 көп пәтерлі тұрғын үй салынды. 15 шақырым жылу желісін және 4 жылу көзін қайта құрылымдау жұмысы жүргізілді. 27 шақырым кәріз желісі салынды. Биыл да қыруар жұмыс атқарылмақ.