Биыл ШҚО-да 647 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

740

Биылғы 8 айда 260 мың шаршы метрден астам баспана (2240 пәтер және жеке үйлер) пайдалануға берілді.

Биыл ШҚО-да 647 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

Шығыс Қазақстан облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 2021 жылы 647 мың шаршы метр немесе 6 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр, деп хабаралайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы халқының әлеуметтік аз қорғалған топтарына жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысына осы кезеңде 11 млрд 169 млн теңге мемлекеттік инвестиция бағытталды. Қазіргі уақытта кезекте тұрғандар жалпы ауданы 47 мың шаршы метр болатын 830 пәтер алды. Жыл соңына дейін жеңілдетілген баспана алу кезегінде тұрған тағы 1106 отбасы пәтер кілтіне ие болады.

Жалпы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен әлеуметтік жалға берілетін және несиелік тұрғын үй құрылысына мемлекет 19 млрд 869 млн теңге бөлді.

Әлеуметтік тұрғын үй салу барысында өңір тұрғындары үшін 1346 жаңа жұмыс орны ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу