Биыл ШҚО-ның білім беру нысандарын жөндеуге11 млрд теңге бөлінді

583

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Биыл ШҚО-ның білім беру нысандарын жөндеуге11 млрд теңге бөлінді

Өңір басшысы шектеу және карантин шараларын енгізу, білім беру жүйесіне әсер еткенін айтты. Өйткені мұғалімдер қысқа мерзім ішінде жаңа форматқа дағдыланып, қашықтан оқыту әдістемелеріне көшуге мәжбүр болды.

"Біз компьютері жоқ балалардың білім беру бағдарламаларынан артта қалмауы және ҰБТ мен емтихандарды сәтті тапсыруы үшін, ал ЖОО түлектері дипломдарын ойдағыдай қорғауы үшін барлық мүмкіндікті жасадық. Осылайша, облыс мектептері үшін 33 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынды. Оқушылардың 90 пайыздан астамы интернет желісіне қосылып, балалардың 6 пайызы роутермен қамтамасыз етілді", – деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, облыста үш ауысымды мектептердің жұмыс істеу мәселесі шешілген. Биылғы жылы үш жаңа мектеп ашылды.

"Абай ауданының Қарауыл ауылында 300 орындық, облыс орталығындағы Ахмер ауылында 1000 орындық, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 300 орындық интернаты бар 600 орындық мектеп ашылды", – деп нақтылады аймақ басшысы.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі биыл алғаш рет білім беру нысандарын жөндеуге 11 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бес есе артық. Жаңа оқу жылына 394 білім беру мекемесі, оның ішінде 320 мектеп, 5 колледж, 49 балабақша, 20 қосымша білім беру нысаны дайындалды. Бұл ретте аталған нысандардағы жұмыстардың 70%-ы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында жүзеге асырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу