Биыл ШОБ-тың 20 мыңға жуық жобасын субсидиялау жоспарлануда - Ә.Смайылов

574

Биыл шағын және орта бизнесті жүйелі түрде қолдау шаралары кеңейтілді. 

Биыл ШОБ-тың 20 мыңға жуық жобасын субсидиялау жоспарлануда - Ә.Смайылов Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Ә.Смайылов Президенттің қатысуымен өтіп жатқан экономикалық кеңесте осындай мәлімет берді, деп хабарлайды  inbusiness.kz .

Сондай-ақ, Премьер-министр бизнеске қатысты кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясат енгізіліп жатқанын атап өтті.

Атап айтсақ, қаңтар айынан бастап Міндетті талаптар реестрі ашық түрде жарияланды. 

"Енді Реестрде жоқ талаптар бойынша тексерулер жүргізілмейді. Биыл заңнамадан бизнес үшін 10 мың керексіз талаптар алынып тасталады. Бұл тексерулердің санын едәуір қысқартады. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру толығымен аяқталады", — деді Премьер-Министр.

Биыл шағын және орта бизнесті жүйелі түрде қолдау шаралары кеңейтілді. 

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында қолдау көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі (жеңілдетілген несиелер және қаржылық лизинг) 116-ға ұлғайды.

Бірқатар басым қызметтер бойынша проценттік мөлшерлемені субсидиялау мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды.

Бизнестің жол картасын қаржыландыру көлемі 224 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Шағын және орта бизнесті қолдау шеңберінде биыл 20 мыңнан астам жобаны субсидиялау, 18 мыңнан астам жобаға кепілдік беру көзделіп отыр. 

Орта бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу