Биыл ШОБ-тың Алматы экономикасына қосқан үлесі артты

Мегаполисте 18 шағын өнеркәсіп парктің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, бұл 2 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Биыл ШОБ-тың Алматы экономикасына қосқан үлесі артты Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шағын және орта бизнесті қолдау мегаполистің экономикасында және алматылықтарды жұмыспен қамтуда ерекше рөл атқаратын негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. 2023 жылы шағын және орта бизнестің қала экономикасына қосатын үлесі 60%-ға ұлғаяды деп күтілуде.

Биыл бюджеттен субсидиялауға, кепілдік беруге және кредиттеуге 51,1 млрд теңге бағытталды. Бұл 1 705 шағын және орта бизнес жобаларын қолдауға мүмкіндік берді. Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында ауданы 88 мың шаршы метр болатын, 10,2 млрд теңге инвестиция сомасына 18 шағын өнеркәсіп парктің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл 2 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді", – деді шаһар әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу