2018 жылы Шымкентте 200-ге жуық көше жөндеуден өтті. Жылдың соңында оның 174-і пайдалануға берілген. Оның ішінде 4 көпір мен 15 орталық көше бар. Сондай-ақ, "Бекжан" базары маңындағы өткелдің құрылысы да былтыр аяқталды, деп хабарлайды otyrar.kz.
"2019 жылға жоспарымыз бойынша 217 көшеден 61 көше қалған. Сол 61 көшенің құрылысын аяқтап, 25 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралған. Сол жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар, қосымша нақтылау барысында қосымша қаражат сұралатын болады", – дейді Шымкент қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі Абай Тұрханов.
Күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 728 млн теңге бөлінген.
Биыл 100-ге жуық көшені қалпына келтіруге 4 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл қаржыға көшеден бөлек, 2 көпір мен 4 жол айырығы салынады деп жоспарланған.