Биыл Шымкентте 2 мыңнан астам қария зейнетке шыққан

1177

Республика өңірлерімен салыстырғанда Шымкент базалық зейнетақыны ең аз алатын аймақ. 

Биыл Шымкентте 2 мыңнан астам қария  зейнетке шыққан

"Азаматтарға арналған үкімет" АҚ Шымкент қалалық филиалы таратқан мағлұматқа сүйенсек, шаһарда жыл басынан бері 2104 азамат құрметті демалысқа шығып, зейнеткерлікке құжатын рәсімдеген. Десе де, үшінші мегаполис еліміздегі базалық зейнетақыны ең аз алатын аймақ екен. Шымкентте 2320 азамат қол жеткізіп отыр. Ал, ең көбі Алматы облысында тағайындалған – 5954. 

"Біздің корпорациямыз зейнеткерлікке шығу рәсімін барынша жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Бір жыл бұрын зейнеткерлікке бір өтінішпен шығуға мүмкіндік беретін композит қызметін енгізілген болатын. Ал, биыл ХҚО-ға бармай-ақ, смс-хабарлама арқылы зейнеткерлікті рәсімдеуге мүмкіндік беретін проактив қызметін іске қосылған болатын. Цифрлық жаңашылдықтар, осылайша, құрметті демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады", – дейді филиал директоры Данабек Исабеков.

Зейнеткерлік жасқа жетуіне, базалық зейнетақының төленуі мен мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға төлемдерді төлеу сияқты төрт өтініштің орнына бір ғана өтініш өткізуге мүмкіндік беретін композит қызметі 2018 жылдың қазан айында енгізілген болатын. 

Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданатын қызмет 2019 жылдың тамызында енгізілді. Әзірге бұл қызметті мемлекеттік корпорациядан зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлер пайдалана алады. 

Жалпы бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша  79 726 зейнеткер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу