2016 жылы 19 әлеуметтік нысанның құрылысына 8 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 15 білім нысанының құрылысына 7.4 млрд теңге (14 мектеп, 1 балабақша), 3 спорт нысанының құрылысына 300 млн теңге және Бадам өзені бойын абаттандыруға 260 млн теңге қаралған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 2016 жылы 6 мектеп және 1 балабақша пайдалануға берілген. 7 нысанның екеуі ұлттық қор есебінен тапсырылып, қалған бесеуіне (4 мектеп, 1 балабақша) қаражат облыс және қала бюджетінен бөлінген.
2017 жылы жаңа 5 мектептің құрылысын бастау жоспарланған және бұл жұмысқа шамамен 3,2 млрд теңге қаралған. Жалпы алғанда, 2017 жылы 5700 оқушы жаңа оқу орнымен қамтамасыз етіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу