Биыл Шымкентте 5G интернет желісі бар 147 станция орнатылады

329

Биыл 10 станция орнатылған

Биыл Шымкентте 5G интернет желісі  бар 147 станция орнатылады Фото: mediasat

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қала тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы 20 елді мекенге оптикалық және 28 елді мекенге базалық станция орнатылады.  Сонымен қатар өткен жылы қалаға жоғарғы жылдамдықты 5G интернет желісі бар 10 станция орнатылса, биыл 147 станция орнатылады", - деді ол. 

Әйтенов атағандай, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, соңғы 5 жылда 3 177 бейне бақылау камералары орнатылып, қылмыс саны 39 пайызға төмендеген.

"Биылғы жылы 1500 бейне бақылау камераларын орнатуды жоспарлап отырмыз", - деді әкім. 

Ол соңғы 5 жылда инженерлік - инфрақұрылым жүйелеріне бюджеттен 191 млрд теңге бағытталып, оның 87 пайызы немесе 166 млрд теңгесі соңғы үш жылда бөлінгенін айтты. 

"Нәтижесінде  1 магистралды суаққы салынып, қуаттылығы тәулігіне 364 мың кубқа жетті. Ол, шамамен     2030 жылға дейін жетеді.4 подстанция салу арқылы, электр энергиясының қуаттылығы 490 мВт-қа жетіп, қаланың 2025 жылға дейінгі қажеттілігі шешілді", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу