Биыл Шымкентте Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтіледі

170

Шаһарда бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ.

Биыл Шымкентте Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтіледі Фото: Алматы әкімдігі

Ұлыстың ұлы күнін қайта жаңғырту, төл мерекемізді тойлаудың дәстүрін қалыптастыру мақсатында 14-23 наурыз аралығында "Наурызнама" онкүндігі өтеді. Биыл Шымкентте Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімдік мерекелік бағдарламалардың тізімін ұсынды: 

14 наурыз – Көрісу күні.

Астана алаңы, 11:00-13:00 – мәдениет саласының өкілдерімен көрісу жоралғысы өтеді. Ордабасы ауданы, "Шәмші" аллеясы, 11:00-15:00 – Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдерінің көрісу жоралғысы өтеді.

15 наурыз – Қайырымдылық күні Қала аумағында – "Мейірім жүректен" акциясы, баспана кілттерін табыстау, жәрмеңкелер. Балалар үйлері – мерекелік концерттер мен цирк қойылымдары ұйымдастырылады.

16 наурыз – Шаңырақ күні.

Қошқар ата өзені бойы, 11:00 – "Қошқар ата сейілі", ұлттық көрмелер мен спорттық жарыстар өткізіледі.

Арбат демалыс аймағы – "Бақытты жанұя" іс-шарасы

Перзентханалар – жаңа туған сәбилерге "Наурыз-базарлық" сыйлықтары табысталады.

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.

Қаратау дәстүрлі өнер мектебі, 11:00 – Республикалық "Күміс қалам" жас ақындар мүшайрасы өтеді.

18 наурыз – Ұлттық киім күні.

Астана алаңы, 11:00 – ұлттық киім фестивалі, отандық дизайнерлер көрмесі өтеді.

19 наурыз – Жаңару күні.

Шым сити шағынауданы – "Таза өлке" және "Рахмет, Жер ана!" экологиялық акциясы өтеді.

Қала аумағы – 1000 түп ағаш көшеттерін отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылады.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні.

Қаладағы спорт алаңдары – ұлттық ойындар мен жарыстар.

21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні

Астана алаңы мен қала аудандарында, 10:00 – мерекелік концерт, этноауыл, қолөнер көрмелері көпшілік назарына ұсынылады.

Астана алаңы, 19:00 – эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

22 наурыз – Жыл басы күні.

10:00 – "Бесікке салу" дәстүрі

14:00 – "Жарамазан Fest" республикалық байқауы

23 наурыз – Тазару күні.

Қала аумағы– сенбілік, аулалар мен көшелерді тазарту іс-шарасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу