Биыл Шымкенттен Павлодарға 54 отбасын көшіру жоспарланған

1904

Былтыр қаладан 81 отбасы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына қоныс аударған.

Биыл Шымкенттен Павлодарға 54 отбасын көшіру жоспарланған

Шымкенттегі әл Фараби ауданы әкімдігінде жергілікті халықпен кездескен павлодарлық делегация солтүстікке қоныс аударуға қатысты мемлекеттік бағдарламаны түсіндірді, деп хабарлайды otyrar.kz.

40 шақты бос жұмыс орнын ұсынып отырған павлодарлықтар 100-ден аса отбасын баспанамен қамтуға әзірміз дейді. Сондай-ақ қоныс аударатын отбасыға бір реттік жәрдемақы мен баспананы жалға алу ақысымен қоса коммуналдық төлемдері де төленеді.

Айта кетейік, былтыр Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының мамандары өтініш білдірген 81 отбасын Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына қоныс аударуға ықпал еткен. Жұмысқа қабілетті 300-ге жуық адам екі қолға бір күрек тапты дейді жауаптылар. Олар мұғалім, дәрігер, агроном сияқты түрлі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасып, кейбірі жеке кәсіптерін ашқан.

Саладағылардың айтуына қарағанда, жері құнарлы, сулы да нулы солтүстік жерінде ауыл шаруашылығын түлетуге мүмкіндік мол. Биыл жыл аяғына дейін 200-ден аса мүшесі бар 54 отбасын қоныс аударту жоспары тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу