Биыл соттарға түскен талап-арыздар саны 19%-ға артты

549

Шілде айынан бері 2 206 шешім шығарылды. 

Биыл соттарға түскен талап-арыздар саны 19%-ға артты

ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Канат Мусин әділет саласындағы енгізілген реформалардың аралық қорытындыларымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2021 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде сот жүйесін реформалау бастады. Осы төрт айда соттарға 9 000-нан аса іс түсті. Айына шамамен 2 000-нан аса талап-арыз тіркелді. Мәселен, шілде айында – 2 303, тамыз – 2 380, қыркүйек – 2 447, қазанда – 2 260 іс қаралды. Салыстырар болсақ, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде азаматтық сот iсiн жүргiзу кодексі бойынша соттарға 7 000-нан аса іс түскен. Демек биыл талап-арыздар саны 19%-ға артты. Бұл нені білдіреді? Халықтың әкімшілік соттарға деген сенімі артып келеді", – деді Канат Мусин.

Соттар шілде айынан бері 2 206 шешім шығарды. Оның ішінде қанағаттандырылған талап-арыздар көлемі 46%-ды құрады. 

"Яғни аталған жағдайлардың тең жартысында азаматтар сотта жеңіп шықты. Бұл салаға енгізілген өзгерістердің тиімділігін көрсетеді", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу