Биыл спортты дамытуға 49 миллиард теңге бөлінеді

1175

 Биыл спортты дамытуға 49 миллиард теңге бөлінеді

Биыл елімізде жалпы спортты дамытуға 49 млрд теңге бөлінеді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 70 млн теңгеге көп. Ал, кәсіпқой спортшылар мен Ұлттық құрама командаларына бөлінетін қаржы биыл 2 млрд теңгеге көбейіп, 17,4 млрд теңгені құрап отыр. Бұл ақша спортшыларды бабында ұстап, жарыстарға қатыстыруға жұмсалады. 2018 жылы, бюджет туралы заң жобасына сәйкес, спортшыларға 34,8 млрд теңге қаржы салынады. Ақмола, Алматы облыстарында және Астана қаласындағы олимпиадалық базаларды салу мен қайта құруға 22,4 млрд теңге жұмсалады. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе өскен. Ал бұқаралық спортты дамытуға биыл 7,6 млрд теңге бөлінеді. 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,5 есе аз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу