Биыл студенттердің шәкіртақысы 2 есе көбейеді

185

Ал магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.

Биыл студенттердің шәкіртақысы 2 есе көбейеді Фото: canva.com

Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияны ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.

Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады.

Емтихан сессиясын "өте жақсы" тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу