"Биыл су мол келгендіктен күріш өнімділігі 50%-ға артады деп болжап отырмыз": Алматы облысының шаруалары

169

Алматы облысы, Балқаш ауданының шаруалары күріш жинауға дайындалып жатыр. 

"Биыл су мол келгендіктен күріш өнімділігі 50%-ға артады деп болжап отырмыз": Алматы облысының шаруалары Фото: Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Дихандар биыл егістікке қолайлы жыл болғанын айтады. Ауа-райына байланысты күрішті ерте отырғызып, су мол келгендіктен өнімділік артқан.

"Биыл соңғы 5-6 жылда алғаш рет өнімділік артып отыр. Өткен жылы гектарынан 30 центнерден өнім алсақ, биыл 40-45 центнерден алуға ниеттіміз. Себебі, өздеріңіз көріп отырғандай күріштің жағдайы жақсы. 120 күн бойы су мол болды. Сондықтан болжам жақсы", - деді шаруа қожалығының агрономы Мейрам Ермұқанұлы.

Балқаш ауданында 30 мың гектардан астам жер суарылады. Биыл оның 7,2 мың гектарына күріш егілген. Айта кету керек, суару маусымында "Қапшағай" су қоймасынан аудан шаруаларына 510 млн текше метр су берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу