"Биылғы жылдың екі айында 15,1 шақырым уақытша бөген салынды, 24 шақырымға жуығы жөнделді, 16 шақырымнан астам уақытша бөген, сондай-ақ елді мекендердің айналасында 41 шақырым білік тұрғызылды", – деді министр.
5 мың шақырымға жуық каналдар мен арықтар, автомобильдер және темір жолдар астында 8,5 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды.
"Халықпен 2 мыңнан астам жиын өткізілді, 55 мыңнан астам ұсыным таратылды. Әлеуметтік желілердегі жағымсыз ақпаратты барынша азайту мақсатында біздің қызметкерлер бұқаралық ақпарат құралдарында, брифингтерде үнемі сөз сөйлейді", – деді ведомство басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу