Биыл тағы 19 сүт-тауар фермасы іске қосылады

383

Жылдық қуаты шамамен 100 мың тоннаға жетеді.  

Биыл тағы 19 сүт-тауар фермасы іске қосылады Фото: Үкімет

Еліміздің осы жылдың соңына дейін тағы 19 ферманы іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі бойынша қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан асады. Құс еті, балық, қант, ірімшік пен сүзбе, шұжық өнімдері және алма бойынша қамтамасыз ету деңгейін 80%-ға жеткізу мақсатында отандық өндірісті ұлғайту және импортты алмастыру жөнінде нысаналы жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

"Мәселен, сүт саласының шикізат базасын нығайту мақсатында тауарлық-сүт фермаларын салуға жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске асырылуда. Жалпы жылдық қуаты 500 мың тоннадан асатын 95 сүт-тауар фермасы қаржыландырылды, оның ішінде 71 ферма пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін жылдық қуаты шамамен 100 мың тоннаны құрайтын тағы 19 ферманы іске қосу жоспарланып отыр", – деді Азат Сұлтанов Үкімет отырысында.

Айта кету керек, бұған дейін  Қазақстан ең қажетті өнімдермен ішкі сұранысты толық қамтып отырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу