Биыл тағы 2 импорт алмастырушы кәсіпорын іске қосылады

532

Жыл басынан бері Қарағанды облысы экономикасына шамамен 202 млрд теңге инвестицияланды. Оның ішінде, 90%-дан астамы жеке жобалар. 

Биыл тағы 2 импорт алмастырушы кәсіпорын іске қосылады

Жыл соңына дейін 12 жоба жүзеге асырылады, 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.

"Сарыарқа" Арнайы экономикалық аймақ аумағында оныншы жоба – "Алтын Арна Geosynthetics" геомембрана өндірісі іске асырылды. Жыл соңына дейін тағы 2 импорт алмастырушы кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Өткен жылы "Saran" индустриялық аймағын құрылды, онда 3 жоба іске асырылуда. Жыл соңына дейін "Татнефть" компаниясының қатысуымен өңірде KamaTyresKZ шина зауыты іске қосылады деп күтілуде. Жобада 1000-нан астам жұмыс орнын құру көзделген", – деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу