Биыл тағы 6 жол учаскесі ақылы болады

125

14 учаскеде ақау тіркелді. 

Биыл тағы 6 жол учаскесі ақылы болады Фото: inbusiness.kz

Ел аумағында жалпы ұзындығы 4 мың 900 шақырым болатын 26 ақылы жол учаскесі бар. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақылы автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ел аумағында жалпы ұзындығы 4 мың 900 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол учаскесі бар. Биыл  қосымша жаңа 6 ақылы учаскені енгізу жоспарланып отыр", – деді компания басшысы.

Атап айтқанда, "Қарағанды–Балқаш–Бұрылбайтал" (554,6 км, "Бұрылбайтал–Күрті" (226,4 км), "Ақтөбе–Қандыағаш–Мақат" (89 км), "Талдықорған–Өскемен" (773 км), "Атырау–Астрахань" (277 км), "Мерке–Шу–Бұрылбайтал" (78 км) жолдарында ақылы учаскелер енгізіледі.

"Сондай-ақ, ақылы жолдарда ақаулар анықталған жағдайда жол жүру ақысын уақытша тоқтату нормасы енгізілді. Қазіргі таңда 14 учаскеде жалпы көлемі 1 млн 100 мың шаршы метр ақау тіркелді. Жөндеу жұмыстары биылғы жол-құрылыс маусымында қолға алынады. Азаматтардың өтініші бойынша төлем мерзімі 7 күннен 30 күнге дейін ұзартылмақ. Қазіргі таңда бұл өзгерістер мемлекеттік органдар тарапынан келісім сатысында тұр", – деп атап өтті Дархан Иманашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу