Биыл талапкерлерге 37 мың білім гранты беріледі

986

Биыл талапкерлерге 37 мың білім гранты беріледі

Биыл оқуға түсетін талапкерлер үшін мемлекеттік білім гранты 6 мыңға артады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды khabar.kz.

Осылайша, бакалавлар гранты 31-ден 37 мыңға жеткізіледі. Магистрларды қаржыландыру 6 мыңнан 10 мыңға ұлғайтылмақ. Докторантура үшін бөлінетін грант 600-ден мыңға дейін көбейтіледі.

Ведомства басшысы биылғы мектеп бітірушілердің 80 пайызы қазақ тілінде тест тапсыратындығын да ерекше атап өтті.

Жиында бүлдіршіндерді балабақашамен қамту жоспары да баяндалды. 

 - Бұл бағытты бізде жақсы нәтижелер бар. Былтыр 800-ден астам жаңа балабақша ашылды. Соның 80 пайызы – жекеменшік балабақша. Осының арқасында 3-6 жастаға балаларды қамту 4 пайызға өсіп, 85 пайызға жетті. Қалғаны – 15 пайыз. Үш жылдың ішінде бізге соны жеткізу керек,- деді Ерлан Сағадиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу