Биыл "Талдықорған – Өскемен" автожолы пайдалануға беріледі – Асқар Мамин

849

Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына барды.

Биыл "Талдықорған – Өскемен" автожолы пайдалануға беріледі – Асқар Мамин

Сапар барысында ірі инфрақұрылымдық жобалар мен мемлекеттік даму бағдарламаларының іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысында Асқар Мамин "Өскемен – Талдықорған" автожолының құрылысы жобасының іске асырылуын тексерді, оның жалпы ұзындығы бойынша (768 км) осы жылдың соңына дейін қозғалысты ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар "Қалбатау – Майқапшағай" тас жолы реконструкцияланып жатыр, онда жыл соңына қарай автожолдың барлық 415 шақырымында қозғалыс ашылады.

Алматы облысында Үкімет басшысына ұзындығы 314 шақырым болатын "Өскемен – Талдықорған" автожолының шығыс учаскесін реконструкциялау жұмыстары, ұзындығы 180 шақырым болатын "Үшарал – Достық" автожолын салу жобасы туралы баяндалды.

Премьер-Министр Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының жолдары бойынша құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар Үкімет басшысы көлік инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз ету мен оны биыл пайдалануға берудің маңыздылығын атап өтті.

Инспекцияланған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көлік саласын дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер береді. "Орталық – Оңтүстік" бағытын транзиттік дәліз ретінде таныту қозғалыс қарқындылығын арттыруға ықпал етеді және келешекте экономика өсімінің жаңа көзі бола алады. Реконструкция қозғалыс қауіпсіздігін арттырады, елді мекендер мен автожолдарға іргелес жатқан аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартады, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құра отырып, жол бойындағы сервисті дамытуды ынталандырады.

Үкімет басшысы сапар аясында денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының жұмысымен, сондай-ақ Өскемен, Талдықорған және Аягөз қалаларының инженерлік және тұрғын үй инфрақұрылымының құрылысымен танысты. Бұған қоса Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылындағы сүт-тауар фермасына, "KEMONT" АҚ электр техникалық жабдықтарын өндіретін ҚР ірі кәсіпорнына, "Восток-Молоко" корпорациясының сүт зауытына, "Ost Fish" бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы мен етін өндіретін компанияға барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу