Биыл "Талдықорған-Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысы басталады

477

Былтыр елімізде 59,1 млрд м3 газ өндірілген. 

Биыл "Талдықорған-Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысы басталады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның кеңейтілген алқасында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің дерегінше, өткен жылы 29,8 млрд текше метр тауарлық газ, 2,9 млн тонна сұйытылған мұнай газ өндірілді.

Сәтқалиев халықты газбен жабдықтау мақсатында былтыр республикалық бюджеттен 81,4 млрд теңге бөлінгенін айтты.

"Еліміздің аумағы арқылы Өзбекстанға жылына 3 млрд м3 дейінгі көлемде ресейлік газ транзиті іске қосылды. Биыл Ақтөбеде магистральдық газ құбырының үшінші, "Алматы-Байсерке-Талғар" магистральдық газ құбырының екінші,  "Жаңаөзен-Ақтау" магистральдық газ құбырының төртінші желілерінің құрылысын аяқтау жоспарда бар. Өңірлердің газға қосымша қажеттіліктерін жабуға бағытталған "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральдық газ құбыры екінші желісі салынады. 

Сондай-ақ "Сарыарқа" магистральдық газ құбыры төртінші кезеңі салынып, "Ақтөбе-Қостанай" магистральдық газ құбырын салу жобаларына техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді аяқталады. Жетісу облысында "Талдықорған-Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысы басталады", - деп толықтырды ведомство басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу