Биыл Таразда Қазақ ұлттық су шаруашылығы университеті жаңадан құрылды

141

Бүгінгі таңда су саласы үшін кадрлар даярлау еліміздің 9 жоғары оқу орнында жүргізілуде.

Биыл Таразда Қазақ ұлттық су шаруашылығы университеті жаңадан құрылды Фото: ortcom_kz

Қазіргі уақытта бұл университет Бас лицензия алып, Финляндия университетімен және Ташкент ауылшаруашылығын ирригациясы мен мелиорациясы университетімен (Өзбекстан) тығыз байланыста жұмыстарды бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су саласына алғаш рет 2024 жылы "Су қауіпсіздігі", "Сумен жабдықтау және су бұру", "Гидротехникалық құрылыс" секілді мамандықтар "Болашақ" халықаралық стипендиясын беру үшін басым мамандықтардың тізбесіне енгізілді",  деді ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова ОКҚ баспасөз конференциясында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу