Биыл тауар экспорты 39,9%-ға өсті

Мұнай мен газ конденсатының экспорты 15,6 млрд долларға артты.  

Биыл тауар экспорты 39,9%-ға өсті Фото: kt.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтің төлем балансының күтілетін динамикасы туралы баяндамасында жазылған.

"Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2022 жылы базалық сценарий барреліне 90 доллар болғанда, ағымдағы шоттың профициті 6,4 млрд долларды құрайды деп күтілуде. 2022 жылы тауар экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 39,9%-ға өсіп, 84,4 млрд долларды құрайды. Бұл ретте мұнай мен газ конденсатының экспорты 15,6 млрд долларға артып, 46,7 млрд долларды немесе жалпы экспорттың 55,3%-ын құрайды", – деді бас банк өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу