"ҚТЖ" ҰК" АҚ желісімен мамыр айында жүкайналымы 18,3 млрд тонна-километрді құраса, тиеу 20,2 млн тонна болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Мамырда 6,8 млн тонна тас көмір тиелген (елдің ішінде – 4,6 млн тоннадан астам), 728 мың тоннадан астам астық тиеліпті, соның ішінде экспорт – 552 мың тонна.
Жыл басынан бері жүкайналымы 90 млрд тонна-километрді құрады.
"Транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 6,4 млн тоннаны құрады, соның ішінде контейнерлер өткен жылдың сәйкес кезеңіненен 43% артып, 233 мың ЖФЭ жетті",– делінген ҚТЖ есебінде.
2019 жылдың 5 айында 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда локотивтің өнімділігі 2,8%, локомотивтің орашатәуліктік жүрісі – 2,4%, жұмыс вагонының орташатәуліктік айналымының уақыты – 3,6% және вагонның орташатәуліктік өнімділігі – 5,1% артқан.