Биыл Теміртауда 29 шақырымға жуық жылу желілері жөнделеді

430

Қалада 10 мамырдан кейін жылу желілерін ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасады.

Биыл Теміртауда 29 шақырымға жуық жылу желілері жөнделеді Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртау қаласында ЖЭО-2 жетінші қазандықтың құрылысына қатысты көңілі толмайтынын білдірді. Өңір басшысы мердігерге жұмысшылар санын көбейтуді және жұмыс кестесін сақтауды тапсырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазандықты орнату қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Ермағанбет Бөлекпаев мердігерге бүкіл қала алдындағы жауапкершілікті еске салып, қазандықты мерзімінде іске қосу міндетін қойды.

2023–2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жөніндегі кеңесте облыс әкіміне жөндеу жоспарлары туралы баяндалды. ЖЭО-2-де бірінші, төртінші және бесінші қазандықтар жөнделуі керек.

– Биыл біздің басты міндетіміз – қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. 

Биыл қалада алты жоба жүзеге асырылуда. 29 шақырымға жуық жылу желілері жөнделеді деп жоспаралануда. Қазіргі уақытта № 1 жылу магистралі учаскесі бойынша барлық дайындық жұмыстары жүргізілді. Амангелді көшесіндегі № 2 жылу магистралінде 1,8 км жөнделеді, Абай көшесінде 4,6 км құбыр ауыстырылады.  Республика даңғылынан Амангелді көшесіне дейін Металлургтер даңғылындағы № 3 жылу магистраліне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу