Биыл теміржол арқылы 64,5 млн тонна жүк тасымалданған

111

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында "Қазақстан темір жолы" арқылы жүк тасымалы тұрақты өсім көрсеткен.

Биыл теміржол арқылы 64,5 млн тонна жүк тасымалданған Фото: gov.kz

Ішкі және экспорттық тасымалдардың өсуі, әсіресе көмір, астық пен қара металдар бойынша, экономиканың маңызды секторларын қолдап отыр. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желісі бойынша 64,5 млн тонна жүк тасымалданды. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 360 мың тоннаға артық. Ішкі тасымалдар 40,8 млн тоннаны, экспорт 23,7 млн тоннаны (+2,2%) құрады.

Әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау мәселесі ерекше бақылауда.

– Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 27,4 млн тонна көмір (+3%) тасымалданса, оның 19,8 млн тоннасы ішкі нарыққа (+4%) бағытталды. Астық тиеу 15,4% өсіп, 4,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде экспорт – 3,3 млн тонна (+17,5%). Экспортқа шығатын ұн тарту өнімдерін тасымалдау көрсеткіші 6,2%, яғни 570 мың тоннаға дейін ұлғайды, – делінген хабарламада.

Өсім тасымалданатын жүктің басқа да түрлері бойынша тіркелді. Мәселен, қара металдар +18% (1,3 млн тонна), темір және марганец кендері +14% (2,7 млн тонна), тыңайтқыштар +3% (1,2 млн тонна) тасымалданды.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желінің тұрақты жұмысын және экспорттық тасымалдардың өсуін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу