Биыл Теңіз кенішіндегі 31 мың жұмысшы жұмыстан босатылады

609

Ал, былтыр 17 мың жұмыс орны қысқартылған.  

Биыл Теңіз кенішіндегі 31 мың жұмысшы жұмыстан босатылады Фото: azh.kz

Бұл туралы Қашаған газ өңдеу зауыты жобасын түзету жөніндегі қоғамдық тыңдауда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz "Ақжайық" басылымына сілтеме жасап.

Ол жұмыстан босатылатын қызметкерлердің саны туралы ақпарат жоба көлемі бойынша жұмыс барысына байланысты өзгеріп отыратынын жеткізді. Олардың айтуынша, ККЖ-ҰЕҚБЖ (Келешек кеңею жобасы-Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы) жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс көлемінің аяқталуына қарай осы жұмыс көлеміне сәйкес жұмысшыларды стандартты және кезекпен шығару жалғасады.

"Осы жобаның арқасында ТШО жергілікті оқытылған және білікті мамандар қорын құруға көмектесті – бұл 32 000-нан астам қазақстандық. Олар алған тәжірибесі мен білімін кейін елімізде және одан тыс жерлерде басқа да ірі жобаларда қолдана алады", - деп ТШО баспасөз қызметі атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу