Биыл теңіз порттары арқылы Әзірбайжанға 1,9 млн тонна жүк тасымалданды

722

Транскаспий халықаралық көлік бағдарында да жүк тасымалдау саласында өсім бар.

Биыл теңіз порттары арқылы Әзірбайжанға 1,9 млн тонна жүк тасымалданды

Биылғы 8 айда еліміздің теңіз порттары арқылы Әзірбайжанға 1,9 млн тонна жүк тасымалданған.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе көп, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік бағдарында да жүк тасымалдау саласында өсім бар. Аталған бағыт бойынша 2022 жылдың алғашқы 8 айында 1,3 млн тонна жүк тасымалданған. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе жоғары. Қазіргі күнде ТХКБ-ның транспорттық инфрақұрылымы 6 млн тоннаға жуық жүк тасымалдауға қауқарлы. Бұл – 80 мың футтық эквивалентке тең.

"KTZ Express" АҚ өкілі Айбек Қапаровтың айтуынша, жүк тасымалдау көлемінің жылдам артуы мен транспорттық инфрақұрылым жүктемесінің көбеюі халықаралық көлік бағдарының қызмет көрсетуі барысында бірқатар тосқауылдардың пайда болуына әсер еткен. 

ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тлепов, ТХКБ халықаралық қауымдастығы мен отандық транспорттық-логистикалық компания өкілдері және Қазақстан темір жолы, Ақтау және Құрық теңіз порттары мен жүк тасымалдау саласындағы жауапты тұлғалары теңіз порттары мен Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы жүк тасымалдауда туындап отырған мәселелерді талқылады.

ТХКБ халықаралық қауымдастығының жетекшісі аталған бағдардың алдағы даму жоспары турасында айтып, жаңа фидерлік желінің ашылатындығын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу