Биыл Теңізшевройл ішкі нарыққа 240 мың тонна сұйытылған газ жеткізеді

172

Компания еліміздегі сұйытылған мұнай газын өндірушілердің бірі.

Биыл Теңізшевройл ішкі нарыққа 240 мың тонна сұйытылған газ жеткізеді

Энергетика министрлігі мен "Теңізшевройл" ішкі нарыққа тұрақты түрде сұйытылған мұнай газын жеткізу бойынша жыл сайынғы меморандумды ұзарту туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, құжат ведомство мен компания арасындағы сындарлы келіссөздердің нәтижесінде рәсімделді. Келісімге сәйкес, 2025 жылы ТШО Қазақстанның ішкі нарығына 240 мың тонна сұйытылған мұнай газын жеткізетін болады.

"Ең алдымен, сұйытылған мұнай газы – бүкіл әлемде тек автокөлік отыны ретінде ғана емес, сонымен қатар мұнай-газ химиясын дамыту үшін құнды көмірсутек шикізаты ретінде пайдаланылатын маңызды ресурс екенін атап өткім келеді. Бұл келісімнің жасалуы – республиканың сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Қазақстандағы сұйытылған мұнай газын өндірушілердің бірі ретінде серіктесіміз ТШО-дан жеткізілетін кепілдендірілген газ ішкі нарықтағы тапшылықты азайтуға және осы өнімді тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді",  деді Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.

"Теңізшевройл" бас директоры Кевин Лайонның айтуынша, ТШО ішкі нарыққа тауарлық газдың негізгі жеткізушілерінің бірі болып қала береді және ел үшін осы стратегиялық маңызды саладағы әлеуетті мүмкіндіктерді зерттеу үшін Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастырып келеді. 

"Біз Энергетика министрлігінің мақсаттарына қолдау көрсетуді жалғастырамыз және елдің өнеркәсіптік және экономикалық дамуына өз үлесімізді қосуға тырысамыз", – деді Кевин Лайон. 

"Теңізшевройл" Қазақстанда мұнай-химия өнеркәсібінің дамуына да ықпал етіп отыр. Соңғы бірнеше жыл ішінде ТШО KPI компаниясына пропан шикізатын, "Бутадиен" жобасы үшін бутан және "Полиэтилен" жобасы үшін этан жеткізу туралы құжаттарға келісіп, қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу