Биыл теннистен ATP 250 турнирі Алматыда өтеді

265

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) осындай шешім шығарды.

Биыл теннистен ATP 250 турнирі Алматыда өтеді Фото: ktf.kz

АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес Almaty Open 2024 жылғы 13-20 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр, өйткені өткен ғасырдың 20-шы жылдары осы қалада Қазақстан теннисі дами бастады.  Almaty Open тек ауқымды спорттық шара болып қана қоймай, сонымен қатар турнир өтетін Almaty Arena  аумағында мерекелік көңіл-күй орнатып, ерекше күш-қуат сыйлауға жәрдемдеседі", деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов. 

ATP 250  жарысы – шынында да әлемнің 30 елінде өтетін ауқымды спорт оқиғаларының бірі. Аталмыш санатқа 40 турнир кіреді, онда жеңгендер ATP рейтингісінде 250 ұпайға ие болады. Алдағы Almaty Open ATP  турнирінің жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу