Биыл түлектер ең көп таңдаған мамандық белгілі болды

186

Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жариялады.  

Биыл түлектер ең көп таңдаған мамандық белгілі болды Фото: t.me/gylym_jogary_bilim

2025 жылы педагогикалық мамандықтар инженерлік бағыттарды басып озып, Қазақстандағы талапкерлердің негізгі таңдауына айналды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025-2026 оқу жылында педагогика ғылымдары саласындағы бағдарламаларға әрбір төртінші талапкер немесе барлық оқуға тапсырғандардың 25,4% түсті. Ал инженерлік, өңдеу және құрылыс бағыттарын бірінші курс студенттерінің 16,3%-ы таңдады.

Үшінші орынды бизнес, басқару және құқықпен байланысты мамандықтар иеленді – 14,1%. Сондай-ақ, талапкерлердің 11,3%-ы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына тапсырған. 

Биылғы оқу жылында ЖОО-ға 208,9 мың адам қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7%-ға артық.

Ал, студенттердің жартысына жуығы мемлекеттік жоғары оқу орындарында (49,9%), тағы 49,5% – жекеменшік, 0,6% – шетелдік білім беру ұйымдарында оқиды. Бұл ретте жоғары оқу орындарының 42,2%-ы мемлекеттік меншікте, 56%-ы жеке меншікте, тағы 2 жоғары оқу орны шетелдік меншік нысанына жатады.

Шетел азаматтарының арасында елімізде жоғары білім алуды көбінесе Түркіменстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан және Ресейден келген студенттер таңдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу