Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 24 миллиард теңге қарастырылды

798

Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 24 миллиард теңге қарастырылды

2018 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында жеңілдетілген несие беру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 24 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Аталған қаражат басым бағытты республикалық инвестициялар тізіміне енді және осы жылғы бюджет аясында қарастырылып отыр. Бұл туралы "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ директорлар кеңесінің отырысы барысында айтылды. 
"Нұрлы жер" бағдарламасы бюджеттік несие түрінде жыл сайын банкке 24 млрд теңге көлеміндегі қаржы бөлуді қарастырады. Бұл ақшаға банк салымшылары 5% көлеміндегі жеңілдетілген мөлшерлемемен алдын-ала және аралық займдар ала алады. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шотында 30% көлемінде ең төменгі алғашқы жарна жинау қажет. 

2017 жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекет бөлген 30 млрд теңгені игергенін еске сала кетейік. Бұл қаржыға 3 488 қазақстандық отбасы "Нұрлы жер" аясында төмен бағамен үй сатып алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу