Биыл тұрғын үй құрылысына шамамен 1,9 млрд теңге жұмсалды

845

Елімізде 2021 жылдың 10 айында 11,6 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл тұрғын үй құрылысына шамамен 1,9 млрд теңге жұмсалды

Биылғы жылдың басынан бері тұрғын үй құрылысына елімізде шамамен 1,9 млрд теңге жұмсалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Оның ішінде 32 430 жеке үй, 1 032 көппәтерлі үй пайдалануға берілді.

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар 98,9 мың баспана салды.

2021 жылдың 10 айында тұрғын үйдің 1 м2 құрылысына жұмсалған орташа нақты шығын 3,6%-ға, оның ішінде халық салған баспана бойынша 6,6%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу