Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында тұрғын үйлерде орындалған құрылыс қызметтерінің көлемі 363,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде жөндеу жұмыстары да бар. Бұл бір жыл бұрынғыдан 2,8%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Өндірістік ғимараттардағы жұмыс көлемі бірден 1,5 есеге – 262,2 млрд теңгеден 390,8 млрд теңгеге дейін артты.
Тағы бір айта кететіні, қызмет көрсетуге байланысты нысандардағы құрылыс жұмыстары күрт өсті. Мәселен:
• Мәдени ғимараттар – 40,2 млрд теңгеден 68,3 млрд теңгеге дейін;
• Қонақ үйлер, мейрамханалар және т.б. – 9,4 млрд теңгеден 26,1 млрд теңгеге дейін;
• Медициналық мекемелер – 32,4 млрд теңгеден 59,9 млрд теңгеге дейін;
• Спорттық-сауықтыру объектілерінде – 26,5 млрд теңгеден 38,3 млрд теңгеге дейін.
Бірақ кеңселерде құрылыс-жөндеу жұмыстары 79,7 млрд теңгеден 55,8 млрд теңгеге дейін қысқарды.
Құралай Құдайберген