Биыл туризм саласына 1,1 триллион теңге инвестиция тартылады

1013

22 мың жұмыс орны ашылады.  

Биыл туризм саласына 1,1 триллион теңге инвестиция тартылады

Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өткен жыл туризм саласы үшін өте ауыр болған.

"2020 жыл туризм саласына ауыр тиді. Елімізге келген туристердің саны 76%-ға, ал шетелге шығатын қазақстандық туристердің саны 73%-ға азайды", – деді вице-министр мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Ғабидолла Әбдірахымов 2020 жылы еліміздегі курорттық зонада демалатындар саны 20%-ға көбейгенін атап өтті.

"Өткен жылы туризм саласындағы инвестиция көлемі 30%-ға артты. Осылайша, туризм саласына 614 млрд теңге тартылып, 14 мың жұмыс орны ашылды. Ал 2021 жылы біз туризмге 1,1 трлн теңге тартуды, 22 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз", деді ол.

Вице-министр өткен жылы туризм саласында 61 млрд теңгеге 52
көлік және инженерлік инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылғанын айтты.

"2021 жылы 79 жоба жүзеге асырылады. Оған 81 млрд теңге бөлінеді. Қазіргі таңда Маңғыстау және Түркістан облыстарына инвестиция көп бөлініп жатыр", – деп түйіндеді сөзін Ғабидолла Әбдірахымов. 

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу