Биыл Түркістан облысында 50 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды

462

2023-2024 жаңа оқу жылында 51621 бала 1-сыныпқа барады деп жоспарланып, бүгінгі күні 49 900 (96,6%) бала 1-сыныпқа құжат тапсырған. 

Биыл Түркістан облысында 50 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды Фото: inbusiness.kz

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына (24.06.2020 жылғы №264 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен қоса алғанда) сәйкес бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылды. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

Ата-аналар мектепті алдын ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Білім беру ұйымдары бірінші сыныпқа қабылдауды алты жастағы балаларға және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларға қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес 1-сыныпқа балалар дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады.

Қажетті құжаттар "электрондық үкімет" (egov.kz) веб-порталы мен Smartnation базасы арқылы, сондай-ақ шалғайда орналасқан елді мекендерде қолма-қол мектепке барып тапсыру арқылы өткізілген. Осылайша келіп түскен өтініштер бір жұмыс күні ішінде қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу