Биыл Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенінде 114,2 млрд теңгені құрайтын 45 жоба іске асырылады

47

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенінде отандық нарықты жергілікті өнімдермен толықтыру мақсатында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары қолға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Биыл Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенінде 114,2 млрд теңгені құрайтын 45 жоба іске асырылады Фото: gov.kz

Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында жаңа жобалар зерделеніп, жүзеге асуда.

2024-2026 жылдары жалпы құны 507,3 млрд. теңгені құрайтын 105 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңадан 8 300 жұмыс орны құрылады.

Оның ішінде 2024 жылы жалпы құны 114,2 млрд. теңгені құрайтын 45 жобаны жүзеге асыру көзделген.

Биылғы I тоқсанда Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі капиталына 11 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе, тамақ өнеркәсібіне 2,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8 есе артты. Құны 3,8 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылды.

Атап айтсақ, Қазығұрт ауданында "Қарқын-2030" ЖШС-нің "25 000 басқа арналған мал сою бекеті"  (1100,0 млн. тг), Сайрам ауданында  "YUG-GROUP-INVEST" ЖШС-нің "Қуаттылығы жылыны 9600 тонна сүт өңдеу кәсіпорнын салу (150 млн. тг), Сауран ауданында "Балмұздақ" ЖШС-нің "Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға арналған қойма"  (2 300,0   млн.тг) жобалары іске қосылды.

Сонымен бірге Кентау қаласында "Абдашим" ШҚ-ның "1 га жылыжай кешенін салу"  (80,0 млн. тг), Сарыағаш ауданында  "ADIA" ЖШС-нің "2,5 га жылыжай кешенін салу" (600,0 млн. тг) және Шардара ауданында  "VITA" ЖШС-нің "Қуаттылығы жылына 130 тонна балық өндіру"  (1 500,0 млн.тг) жобалары да іске қосылып, жұмыс орындары ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу