Биыл Түркістанда 2 430 отбасы баспаналы болады

654

Жыл соңына дейін 70 нысан пайдалануға берілмек. 

Биыл Түркістанда 2 430 отбасы баспаналы болады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан қаласында жыл соңына дейін 70 нысан пайдалануға беріліп, 2 430 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 3 604 жеке жер учаскесіне инфрақұрылым жүйелері тартылмақ. 

"2020 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 40 арендалық тұрғын үй құрылысы, 30 инженерлік инфрақұрылым нысаны, 88 кредиттік тұрғын үй құрылысы бар. Мемлекеттік бюджет есебінен сатып алу құқығынсыз арендалық 40 көп қабатты тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүруде. Жыл соңына дейін 978 пәтері бар 18 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Сондай-ақ, әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді дамыту бойынша 7 қабаттан тұратын 48, 72 және 84 пәтерлі 24 үйдің құрылысы жүріп жатыр. 1 452 пәтер жыл соңына дейін тапсырылады", – дейді әкімдікте.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің мәліметінше, құнды қағаздарды сату есебінен Түркістан қаласының әкімшілік іскерлік орталығында жаңадан 7, 9 және 12 қабатты  64 тұрғын үй салынуда. 3 987 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысын жүргізуге 4,25%-бен 14,2 млрд теңге бөлінген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу